Синтетикалық өнімді әлеуметтік желі арқылы сатқан азамат ұсталды
Атырауда есірткі бизнесі тыйылмай тұр. Полиция кезекті рейд кезінде саудасын қыздырған 37 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ол синтетикалық өнімнің 8 млн теңгелік дозасын әлеуметтік желі арқылы таратып, нәтижесінде қомақты қаражат тауып, елді есірткіге еліткен. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.
- Тінту кезінде синтетикалық есірткінің 1000 дозасын құрайтын қоймасы табылды. Сонымен қатар қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс пен тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, - дейді облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Дина Мақсотова.
Оқи отырыңыз:Бақшасы жеміске емес, көкнәрға толы зейнеткер анықталды