Алматыда Креативті индустриялардың бірінші апталығы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы халықаралық ұйымдар көшбасшыларының, қазақстандық сарапшылар мен қоғамдық сектор өкілдерінің пікірталас алаңына айналады – 1-5 қараша аралығында мегаполисте Алматы Креативті индустрияларының (CIW) I апталығы өтеді, оның нәтижесі алдағы жылдарға креативті индустрияларды дамыту стратегиясын таңдау болып табылады.
Форум жұмысына білім беру және креативті хабтар, Ұлыбритания, Италия, Қырғызстан, Нидерланды, Өзбекстан, Франция және т.б. елдердің шығармашылық сегментін ұйымдастыру қатысады.
Бес күндік бірегей шара креативті экономика сарапшыларын, бизнес негізін қалаушыларын, индустрия зерттеушілерін, мәдениет және өнер қайраткерлерін біріктіреді. Сарапшылық сессиялардан, пікірталастардан, шеберханалардан, шеберлік класстардан және көрсетілім бағдарламаларынан басқа, CIW негізгі алаңында, мәдениетті дамытуға және республикадан тыс жерлерге қазақ шығармашылығын әйгілеуге елеулі үлес қосқан флагмандық жобалар таныстырылатын болады.
Алматыдағы Креативті индустриялар апталығы аясында көрмелер, перфоманстар, театр қойылымдары, қолөнершілер форумы және авторлық жұмыстардың көрмелік сатылымы ұйымдастырылатын болады.
Бұдан басқа, Тимур Бекмамбетовтың «ПРОФИЛЬ» фильмінің премьералық көрсетілімі, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындарының арасында Dota 2 түрінде CIW Esports Cup киберспорт турнирі өтеді.