Елордадағы әуежай жұмысшыларының шағымына қатысты арнайы комиссия құрылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тексеріс қорытындысы бойынша арнайы шешім қабылданады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордадағы әуежай жұмысшыларының шағымына қатысты арнайы комиссия құрылды. Ол туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Активтерді басқару департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Әбдрәсілова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда әуежай қызметкерлері жұмыс жағдайына, жалақыларының аздығын айтып Бұқаралық ақпарат құралдарына шағымданған болатын.

«Әуежай қызметкерлерінің шағымын жан-жақты, толық әрі объективті тексеру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия елордалық әуежай қызметкерлерінің арызында көрсетілген мәселелерді жіті тексереді. Тексеріс қорытындысы бойынша арнайы шара мен тиісті шешім қабылданатын болады», – деді ҚР ИИДМ Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары Гүлмира Әбдірәсілова.


Новости партнеров