Отандық сегментке DDoS-шабуыл жасалды
pixabay
МТҚ DDoS шабуылдары бірнеше шетелдік нүктеден жүзеге асырылғанын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекеттік техникалық қызмет (МТҚ) Интернеттегі отандық сегментке жасалған ауқымды DDoS-шабуылдарды тіркегендерін хабарлады. Бұл байланыс операторларының магистральдық арналарындағы жүктеменің артуына әкеліп соғып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір мынандай жаңалықтар сайттарында қолжетімділік жағынан проблемалар байқалады: toppress.kz, newtimes.kz, sn.kz.
Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс операторларымен бірлесіп маршруттарды оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр, бұл кейбір сайттарда сырттан кірушілер қарқынының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
МТҚ DDoS шабуылдары бірнеше шетелдік нүктеден жүзеге асырылғанын анықтады. Шабуылдар басқа аймақтарда да тіркелген. Мамандар бұл шабуылдардың өзара байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10