Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде су құбыры жарылып, 6,5 мың адам сусыз қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінші, 30 қыркүйек күні сағат 13:00-де Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде суық су құбыры жарылды.
- Барлығы 6,5 мыңнан астам адам тұратын 32 көпқабатты үй және 68 түрлі мекеме, оның ішінде 4 білім беру нысаны орталықтандырылған сусыз қалды. Құбырдың тозуынан осындай жағдай болды, - делінген мәлімдемеде.
Ұлан ауданының әкімдігі тұрғындарға ауыз суды кестеге сай жеткізіп отыруды бірден қолға алғанын айтуда. Апат орнында "Молодежный" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына барлығы 12 адам мен 3 техника жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Өрттен кейін «Ақкент» ТК пәтерлерін жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталды