|
28.03.2024 | 20:00
2690

Қарғын су: Ақтөбеде Сазды өзені арнасынан асты

Коммуналдық қызметкерлер тазалау жұмысын күшейтті

Қарғын су: Ақтөбеде Сазды өзені арнасынан асты Almaty.tv

«Суда қалған Ақтөбе өңірінде автобустар жүзе бастады». Үй-жайы көл болған жергілікті жұрт аймақтағы бүгінгі ахуалды осылай суреттеді. Еріген қар суы тасып қана қоймай, Сазды өзені арнасынан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бірнеше күннен бері су тасыған Ақтөбеде Сазды өзені де арнасынан асты. Сыртқа төгіліп, шаһардың қақ ортасындағы көшеден бастап, үйдің керегесіне дейін көтерілген. Салдарынан қоғамдық көлік жұмысы тежелді. Автобустың бағытын өзгертуге тура келген. Ал суда қалған көліктерді құтқарушылар алып шықты. Қазір коммуналдық қызметкерлер тазалау жұмысын күшейтті. Мұндай жағдайды жергілікті тұрғындар көптен көрмеген еді.

– Биыл қар да молынан түсті. Тасып жатқан қардың суы ғой. Бірінші рет көріп тұрмын. Ауылдарға дейін су басып жатыр, – деді тұрғын.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қарғын судың салдарынан сауда орталығы маңындағы көлік қозғалысы тоқтатылды. Қазір онда тазалау жұмысы жүргізілуде. Оған мың маман мен 200 техника тартылған. Мұз да арна бойын бітеп, судың көтерілуіне түрткі болыпты.

– Лауазымына қарамастан, барлығы жұмысқа жұмылды. Жағаны нығайту мен арналарды тазалау тыңғылықты жүргізілді, – деді ТЖД Төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің бастығы Тарас Коваленко.

Арнасынан асқан өзен маңындағы саяжай суға  батып жатыр. Жұртшылық үйсіз қаламыз ба деп алаңдаулы. Әкімдік дерегінше, қаладан жалпы 100 мың текше метр су сорылған.

Оразай Нұртайұлы, Жомарт Құдайбергенов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Нөсер жауын: Алматыда барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир