|
23.05.2019 | 18:14
2030

Алматыда бос орындар жәрмеңкесіне келген 500 студенттің 100-ден астамы жұмыспен қамтылды

Биыл жалпы 5 мыңнан астам өтініш иесінің 2700-ге жуығы жұмыспен қамтамасыз етілген

Алматыда бос орындар жәрмеңкесіне келген 500 студенттің 100-ден астамы жұмыспен қамтылды

Алматыда жазғы демалыста жұмыс істейтін жастар қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, бүгін Қазақ қатынас жолдары университетінде өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 500-ден астам студент қатысты. Ал,олардың 110-ы өзіне тұрақты жұмыс тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бағдәулет Назаров – Қазақ қатынас жолдары университетінің 4-курс студенті. Бағдарламалау мамандығы бойынша жақында диплом алатын жігіт жәрмеңкеден өзіне жұмыс іздеп жүр.

«Осында келіп құжаттарымды тапсырып, 6 айлық іс-тәжірибеден өтуге Нұр-Сұлтан қаласына жіберді. Сонда іс-тәжірибеден жақсы өтіп, жұмыста қаламын деген ойдамын», – деді Бағдәулет НАЗАРОВ.

Бүгінгі жәрмеңкеге Әуезов ауданындағы 20 колледж бен алты ЖОО-ның 3-4 курс студенттері қатысты. Оларға 30-дан астам мекемеден келген жұмыс берушілер 120 бос орын ұсынды. Солардың бірі – «Күзет» компаниясы. Жұмыспен қамту орталығымен 5 жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істейтін мекеме бүгінде 10-нан аса жас түлекті жұмысқа алды.

«Былтыр бізде 18 бала тәжірибеден өтті. Оның 3-і инженер, қалғандары техник боп жұмыс істеп жатыр. Бұл жолы біз 12 түйіндеме алып отырмыз және тәжірибеге келетін жастарды күтіп отырмыз. Сондай-ақ біз жастар бағдарламасы ретінде 10 бос орынға өтінім беріп қойдық. Енді, жұмыспен қамтамасыз ету үшін жастарды күтіп отырмыз», – деді компания менеджері ДИНАРА ҚАЛҚАБЕКОВА.

Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 15 мыңнан астам адам жұмысқа қабылдауға өтініш білдірген. Оның 2700-ге жуығы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып, 2800-ден астамы қоғамдық жұмыстарға тартылған.

«Жыл басынан бері 2675 адам тұрақты жұмыспен қамтамыз етілді. Қазір 238 жас тәжірибеден өтуге жіберілді. Қазірдің өзінде 500-ден астам мекеме бізге, осы жастар іс-тәжірибесіне адам аламыз деп өтініш білдірді. Оның ішінде 4 мыңға жуық бос орын да бар», – деді Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ғабит СЕЛЕУБАЕВ.

Ал, өткен жылы 4000-нан астам адам тұрақты жұмысқа орналасса, 2895 адам қоғамдық жұмыс орындарына жіберілген. Мамандардың айтуынша, жұмыс берушілер көбіне сатушы, аспаз, даяршы, мұғалім және IT мамандарын іздейді екен.

Тоғжан Жалғасбекқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир