|
21.03.2023 | 18:14
2065

Алматыда «Наурыз думан» концерті өтті

Іс-шараға еліміздің танымал тұлғалары қатысты

Алматыда «Наурыз думан» концерті өтті Almaty.tv.

Алматыдағы Наурыз керуені одан әрі Астана алаңында жалғасты. Іс-шараға еліміздің танымал тұлғалары Асанәлі Әшімов, Аягүл Миразова мен Асылы Осман және қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Алаңға жиылған жұртқа қаладағы мәдени ордалар түрлі қойылым қойып, қуыршақтар шоуын ұсынды. Түрлі танымдық бағдарламалар мен эстафеталық ойындар да қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеру үшін ұйымдастырылды

«Наурыз-қуаныш! Ертең Рамазан айы, ораза басталады. Ол – Алланың қаза еліне жіберген қуанышы. Денсаулығымыз құтты болсын! Наурыз құтты болсын! Елімізде ауызбіршілік, ынтымақ, бейбітшілік болсын! Әз-Наурызды келер жылы атап өтейік», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков.

«Қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Келер жылға аман-есен жете берейік. Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын! Әр отбасына бақыт тілеймін. Барлығымыз бақытты болайық!» – деді Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова.

Күн шуақты болғанымен Алатаудың салқын ызғары сезіледі.Соған қарамастан, қаланың әр түкпірінен және өзге өңірден келген қонақтардың көңілі жайдары.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әр отбасына, әр шаңыраққа құт, береке әкелсін!» – деді қала тұрғыны Бақыт Молдашев.

«Көктемнің шуағымен енген, көктемнің жылуымен келген Ұлыстың ұлы күнімен барша қазағымды, мұсылман елін құттықтаймын! Осы мерейлі мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін күтеді. Қазағымның керегесі кең, дастарқаны мол болсын! Наурыз құтты болсын!» – деді қала тұрғыны Жанна Жекенова

Ал ертең осы алаңда жас өнерпаздардың қатысуымен «Жұлдызды Алматы» концерті өтеді. Каланың Панфилов пен Жібек Жолы көшелерінің бойында да «Наурыз фест» жалғасады. Мейрам қалада 24 Наурызға дейін аталып өтпек. Ұйымдастырушылар мегаполис тұрғындары мен қонақтарына 60 тоннаға жуық ұлттық тағамның таратылатынын айтып отыр.

Қайрат Советбекұлы, Ғани Қалуов, Мақсат Күнібек, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир