«Нұр Отан» партиясы мұқтаж балғындарға жаңа жылдық сыйлық жасады

«Нұр Отан» партиясы мұқтаж балғындарға жаңа жылдық сыйлық жасады
Бүлдіршіндер Аяз Атаға хат жазып, оны шыршаның астына қойып, өздері қалайтын сыйлықтарға қол жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қол ұшын созған жандарға қолдау көрсету науқаны Алматыда жалғасып жатыр. Түрксіб ауданында «Нұр Отан» партиясының өкілдері көмекке мұқтаж балғындарға сырт киімдер, бесік арбалар, ойыншықтар, керек жабдықтар таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Бүлдіршіндер Аяз Атаға хат жазып, оны шыршаның астына қойып, өздері қалайтын сыйлықтарға қол жеткізді. Демеушілер мен ұйымдастырушылар бұдан былай мұндай шараларды жиі өткізу қажеттігін айтуда.  

«Әр балақайға өзіне қажет сыйлықтарды табыс еттік. Біреуіне киім-кешек қажет болса, енді бірі ойыншық сұрапты. Сыйлықтардың ішінде балалардың ой санасын дамытатын ойыншық түрлері мен кітаптар көп болды», - деді Алматы қаласы Түрксіб аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Елдар НИЗАМДИНОВ.

Новости партнеров