|
20.12.2019 | 19:58
5011

Алматыда қақпаның астында қала жаздаған әскери бөлімше қызметкерінің беті бері қарады

Әдіхан Маралбаев біздің тілшімізге болған жайды өз аузымен айтып берді

Алматыда қақпаның астында қала жаздаған әскери бөлімше қызметкерінің беті бері қарады

Әскери қызметте жүріп жарақат алған Әдіхан Мараловтың жағдайы бірқалыпты. Омыртқасы сынған кіші сержант екі апталық емнен кейін қазір өзі жүріп тұра алады. Бұл туралы әскери клиникадағылар мәлімдеді. Ал, 61 993-ші десанттық шабуылдаушы әскери бөлім командариді оқыс оқиғаға қатысты кінәлілер жазаланды деп сендірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Арнат Дүйсен.

Кеше «Алматы» арнасының түсірілім тобын табалдырығынан аттатпаған әскери клиника бүгін есігін айқара ашты. Әдіхан Мараловтың  жағдайын өз көзімізбен көріп қайттық. 6 желтоқсан күні болған оқиғаны өзі баяндап берді.  

«Техникалық паркке бардым. Техниканы қыздырып шығару керек болды біздің мақсат. Қақпаны ашып жатқан кезде сол жағындағысы ашылды да, екінші жағы ашылмай тіреліп қалды. Техниканы қыздыра берейін деп кетіп бара жатқаным сол, артымнан құлап кетті», - деді 61 993 десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің кіші сержанты ӘДІХАН МАРАЛОВ.

Әдіхан Мараловтың қазіргі жағдайы тұрақты деп бағалап отыр дәрігерлер. Деседе, ем шаралары әлі де болса жалғасып жатыр. Ара тұра өзі жүріп тұрырады. Әбейір болғанда жұлыны зақымданбаған дейді ақ халаттылар.

«Омыртқа жарақаты бар, бірақ жұлынға зақым келмеген. Қол-аяғы жұмыс істейді. Сондықтан травмотология бөліміне жатқыздық. Қазіргі кезде емін алып жатыр. Жарақаты асқынбаған, сондықтан операция жасаудың қажеті жоқ. Қазірге кездегі емдеу протоколы бойынша ауруханада жатқызып емдейміз», - деді әскери клиника госпиталі басшының орынбасары Ғалымжан ОМАРОВ.    

61 993-десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде келісім шарт бойынша жұмыс істеп келген Әдіхан Мараловтың алдағы уақытта еңбекке жарамдылығын тек дәрігерлік коммисия шешетін болады. Оған дейін кіші сержант екі айлық еңбек демалысы мен курорттық  ем қабылдайды

Әдіхан Мараловтың үстіне құлап кеткен темір қақпа аталған әскери бөлім командирінің айтуынша сонау 1986 жылы қолданысқа берілген. Сондықтан әскери құрал жабдықтардың қайсысы кімнің басына құлап кететінін болжап айта алмаймыз дейді.

«Мен өзім қызметті тексеріс жүргіздім. Кінәлі деп танылған 4 адам  жауапқа тартылды. Одан бөлек қазіргі уаықтта әскери полиция мен басқа да органдар сараптама жүргізіп жатыр», - деді 61 993 ӘСКЕРИ бөлімнің командирі Бегімбет ТӘЖІБАЕВ.

Қазіргі уақытта аталған әскери бөлімдегі темір қақпа алынып тасталып орнына басқа қойылған. Одан өзге бөлімдегі барлық жабдықтар алдағы уақытта қайта тексерістен өтеді дейді бөлім командирі.

Арнат Дүйсен, Нұржан Оразбеков Алматы телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир