|
24.09.2021 | 18:23
6024

Алматыда Шөмішбай Сариевке мемориалды тақта орнатылды

Шараға қалалық әкімдік өкілдері мен өнер адамдары, ақынның замандас достары қатысты

Алматыда Шөмішбай Сариевке мемориалды тақта орнатылды Almaty.tv

Бүгін әуелеген қазақ әнінің әуезді ырғағын, сарынды сазын жазған композитор Шөмішбай Сариев тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қара сөзден кесте тігіп, қалың елге есті ән қалдырған ақын 500-ге тарта ән мәтіні мен 20-ға жуық кітаптың авторы. Ал оның 30 жыл тұрған қара шаңырағы ендігіде көше бойында ақын атын асқақтатпақ.

«Ағамыздың керемет әндерін бүкіл қазақ халқы сүйіп тыңдайды. Әншілер сүйіп шырқайды. Ш. Сариевтің әндері тек Қазақстан емес, дүниежүзі халқына қазақ деген ұлт, қазақ деген аты бар бауырларымыздың бәріне кең тараған», – деді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева.

«Шөмішбай ағамыз талай танымал хит әндердің авторы. Оның жазып кеткен дүниелері бәріміздің есімізде», – деді композитор, «Құрмет» орденінің иегері Бейбіт Оралұлы.

Шөмішбай Нағашыбайұлының құрметіне орнатылған мемориалды тақтаның ашылу рәсіміне қалалық әкімдік өкілдері мен өнер адамдары, ақынның замандас-достары қатысты. «Көзі тірісінде қазақ өнеріне айтарлықтай үлес қосқан азаматтың мұрасы уақыт көшінде де ұмытылмақ емес» дейді жиналғандар.

«Ағаңның сондай сыйлы, қадірлі болғаны біздің жалғыз емес екенімізді сездіреді», – дейді Ш. Сариевтің жары Жұмагүл Сариева.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир