Қазақстанда үй жанындағы дүкендер кооперациясы құрылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда үй жанындағы дүкендер кооперациясы құрылады. Қазір сауда базарларын жаңғырту бағыттары пысықталып жатыр. Бұл туралы Үкімет сағатында Сауда және интеграция министрі Арман Шaққалиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысының мәліметінше, алдымен елдегі барлық сауда объектісіне қатысты зерттеу жасалады. Олар арнайы әзірленген интерактивті цифрлық картаға енгізіледі. Келер жылдан бастап бизнес пен халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи сауда форматының үлесін арттыру жоспарланған. Көрсеткішті алдағы 4 жылда 57 пайызға жеткізу керек деген меже қойылған.

– Қазіргі таңда 460 универсалды базардың 195-ін заман талабына сай өзгерту қажет. Олардың 121-і жаңартылды, қалған 74 сауда орнын жөндеу үшін әкімдіктермен бірлесіп 2025 жылға дейінгі жол картасы бекітілді. Өздеріңізге мәлім, 2025 жылы облыстар үшін, ал 2023 жыл Астана мен республикалық маңызы бар қалалар үшін жаңғыртуды аяқтау мерзімі болып бекітілді, – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Сондай-ақ министр енді «Алтын Орда» базары маңында «жабайы сауда» болмайтынын айтты. Оның сөзінше, алып кешен аумағында үлкен көтерме тарату орталығы салынбақ. Онда бірі – азық-түлікке, екіншісі азық-түлік емес тауарларға арналаған 2 павилон бар. Жоспар  бойынша 2025 жылдың соңына дейін еліміздегі 103 базар жаңартылуы тиіс. Бастама жол картасы шеңберінде жүзеге асырылмақ.

Оқи отырыңыз: «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығындағы өрттің себебі анықталды







Новости партнеров