Астана тұрғынының жол талғамайтын көлігі Қостанай облысында мұзға түсіп кетті
Қостанай облыстық полиция департаменті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астананың 2 тұрғыны Жангелді ауданына балыққа шыққан. Олардың жол талғамайтын Toyota Land Cruiser 100 автокөлігі мұзды жарып жіберді, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның біреуі жақын маңдағы ауылға көмек сұрауға кеткен. Жолда полиция инспекторы Дидар Әбділданы көріп, жәрдем сұраған. Полицей құтқарушыларды шақырып, Астанадан келген қонақтардың көлігін судан шығаруға көмектескен.
Астана тұрғыны Жалғаспаев Жангелді аудандық полиция бөлімшесіне алғысын білдіріп, инспектор Дидар Әбділдаға ерекше ризашылығын айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10