|
14.09.2019 | 21:47
7905

Қала күні-2019: Алатау ауданында 1 тонна алма саудаланып, 5 мың кітап тегін таратылды

Қазан айынан бастап мобильді кітапхана негізінде мамандар жаңа Алматыны аралайды

Қала күні-2019: Алатау ауданында 1 тонна алма саудаланып, 5 мың кітап тегін таратылды

Қала күнін жаңа Алматылықтар ерекше думандатты. Алатау ауданында 1 тонна алма арзан бағада саудаланып, 5 мың оқырмандарға кітап тегін таратылды. Алып шаһардың туған күніне орай ұйымдастырылған шарада қолөнер шеберлері өз білгендерімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алатаулықтар асқар тауы мен көркі көпті шабыттандырған алып шаһардың туған күнін тойлауға тайлы-тұялы қалмай жиналған. Себебі, халық жылда бұл мейрамды ерекше атап өтеді. Аудан тұрғындары мен қала қонақтарына қызық болуы үшін жергілікті әкімдік бір мезгілде, бірнеше шара ұйымдастырды.

«Кез келген алматылық өз қаласын жақсы көреді деп есептеймін. Менде өз қаламды өте қатты жақсы көремін, сүйемін. Өйткені, Алматыны жанындағы көркейтіп тұрған – біздің Алатауымыз. Алатауға қарап, небір адамның өзінің әлі де таусылмайтын арман-мақсаттары орындалатын шығар деп ойлаймын», – деді Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят АҒЫБАЕВ.

Бүгін аудандағы кәсіпкерлер Алматының символы болған жемісті көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға тегін таратты. Ал қалғандарына алма арзан бағамен саудаланды. Жалпы шараға 1 тонна жеміс жеткізілген. Сондай-ақ, балаларға арнап қолөнер шеберлері мастер класс өткізді. Шеберлік сыныптарына қатысып, концерт тамашалауға келген аудан тұрғындары ыстық ықыластарын жеткізді.

«Алматыға деген махаббатымыз шексіз. Бала-шағамыз өсіп жатыр, өніп жатыр. Қаламыз аман болсын! Заманамыз тыныш болсын!»,  – деді бір тұрғын.

«Алматы күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Дендеріне саулық, отбасыларына бақ-береке тілеймін! Мен Алматы қаласының тұрғынымын! Осында туып өстім. Сол себепті сүйемін»,  – деді келесі бірі.

«Алматы  – махаббаттың қаласы. Жастардың қаласы ғой. Болашағы бар. Керемет қалалардың бірі. Туған күні құтты болсын!», – деді қала тұрғыны қуанышын жасыра алмай.

«Алматы әсем қала деп бекер айтылмаған. Алматының әсем табиғатын барлық адам жақсы көреді. Алматы  –  Қазақстанның екінші жүрегі»,  – деді тағы бір тұрғын.

Сондай-ақ, думанды мерекеде уақытты тиімді өткізу үшін белгілі тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды. Және құрамына 25 кітапхана кіретін орталықтандырылған жүйе халыққа 5 мың кітапты тегін таратты. Яғни, халық ұнағанын үйлеріне алып кетуіне болады. Шара басталмай жатып, тұрғындардың кітапты талап алып жатқаны қуантады, – дейді ұйымдастырушылар.

«Алатау ауданында 1 ғана кітапхана бар. Дегенмен, аудан көлемі үлкен, бұл халыққа жетпейді. Сондықтан, оқырмандарға өзіміз келуді жөн санадық. Халық арасында кітапқа қашанда сұраныс жоғары. Бүгін түрлі жанрдағы кітаптарды әкелдік. Оның қатарында, шығармалары көптің көңілінен шыққан туындылар бар», –  деді Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Наталья КОВАЛЕНКО.

Қазан айынан бастап мобильді кітапхана негізінде мамандар жаңа Алматыны аралайды. Енді халық орталыққа келіп, сабылмайды. Кішігірім кітапхана аудан ішін араламақ.

Жадыра Омаржан, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир