|
14.09.2019 | 18:59
4057

Ұлт мақтаныштары Алматыны туған күнімен құттықтады

Ұлт мақтаныштары Алматыны туған күнімен құттықтады Максим Золотухин

Алматы – талайлардың жастығының куәсі, талайлардың шабытының шалқары.Талай тағдыр осы шаһарда тоғысып, жалғыз жандар өмірлік қосағын тапты. Талай жастың көкірек көзін ашып, таудай талабы, таланты бар тұлғаларды тәрбиелеген мекен. Алатаудың бөктеріндегі әсем қаланы адуынды ақындар өлеңіне, сазгерлер әніне қосса, жеңісін Алматыға арнамаған спортшы кемде-кем шығар. Бүгінде тұлға болып қалыптасқан бірнеше ұлт мақтаныштарының жүрекжарды лебіздерін тыңдап көрсек, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Расында, Алматы талай жасқа шабыт сыйлап, көптеген жанның тұлға болып қалыптасуына мүмкіндіктер ашқан қара шаңырақ.  Осынау "Сағындым Алматымды" әнінің авторы Алтынбек Қоразбаев мен үшін Алматының орны бөлек, 1961 жылы студент болып келіп, нағыз жастық шағымыз осы шаһарда өтті дейді.  Жазылғанына 45 жыл болса да тыңдарманның жүрегінен ойып орын алған әннің шығу тарихын композитор сағына еске алады.

«Ең алғашқы жазған әндерімнің бірі осы ғой. Әнуар Бекжанов деген азамат болды радиода. Сол мені Серікбай Оспановпен таныстырды. Үлкен ақын ғой. Жобасын айтып едім келесі күні дап-дайын қазіргі айтып жүрген әннің текстін алып келді. «Сағындым Алматымды» әні Алматымыз бар кезде, қазағымыз бар кезде елдің көкейінде, жүрегінде, әншілердің көмейінде жүреді деп ойлаймын» - деді ҚР Халық әртісі Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ.

Ал, танымал спорт шебері  Ислам Байрамуков, «Алматы қаласы мен үшін қайда жүрсемде үнемі сағынып жүретін, туған жерімдей ыстық мекенге айналды» дейді. Осы қалада шыңдалған спортшы талай әлемдік додаларда бақ сынап, еліміздің намысын қорғады.

«1986 жылы Алматыға Қажымұқан атындағы  спорт мектебіне келіп түскен болатынмын.  Теледидардан ғана көрген қала. Алматыда өмірбаянымыз қалыптасып, спорт саласында тынбай еңбек етіп, биік белестерді бағындырдық. Олимпиадаға қатыстық. Алматыны өз үйім деп санаймын», - дейді спорт шебері Ислам БАЙРАМУКОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир