|
04.06.2021 | 18:21
4562

Алматылықтар мемлекеттік гимнді әр жерде бір уақытта орындап, көпқабатты үйлерді көк байрақпен безендірді

Осы күні гимн барлық скверлерде, жаяу жүргіншілер көшелерінде, метро вагондарында, «Медеу» биік таулы кешенінің, «Шымбұлақ» курортының аумағында, сондай-ақ «Көк Төбе» саябағында орындалды

Алматылықтар мемлекеттік гимнді әр жерде бір уақытта орындап, көпқабатты үйлерді көк байрақпен безендірді Almaty.tv

Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні 4 маусымда атап өтілді. Жергілікті атқарушы органдар Алматыда өткен мерекеге тиянақты дайындалды. Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталықтары еріктілерінің қатысуымен метрода, СОСО-да, Медеу, Шымбұлақ пен спорт алаңдарында гимн орындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Гимнді «Байқоңыр» метро станциясы ауданының тұрғындары орындады. Қала әкімдігінің, Медеу ауданының жастар ресурстық орталығының еріктілері Алматы жастар саясатын дамыту қорының қатысуымен өтіп бара жатқан адамдармен бірге ҚР Гимнін шырқады.


«Біз метро станциясына жиналып, әнұранның алғашқы әуенін ойнағанда, жолаушылар бізге жақындай бастады, біреу жай ән айтса, біреу ұялы смартфондардың камерасына түсірді. Осындай іс-шара әрқайсының назарын аударды, бізден сұрай бастады, біз бүгін Мемлекеттік рәміздер күні екенін айттық. Бұл Қазақстан халқы үшін ерекше мереке, өйткені кез келген мемлекеттің өркендеуі мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады», – деді Айбек Мэлсов.

Осы кезде Бостандық ауданының жастар ресурстық орталығының еріктілері фудкорттың жанында орналасқан «Мега Центр» СОСО жиналды. Іс-шараның белсендісі Әділ Нұрпейісов акцияға Алматы қаласының 40-қа жуық жастары қатысқанын хабарлады.


«Бұл орын кездейсоқ таңдалмаған. «Мега Центр» СОСО күн сайын қала жастары келеді, бұл акция олардың патриоттық тәрбиесіне арналды. Менің ойымша, біз өз мақсатымызға жеттік. Бұл акция бір де бір келушіні бей-жай қалдырмады», – деді Әділ Нұрпейісов.

Түрксіб ауданының жастар ресурстық орталығының белсендісі  Арнай Сахымбетов керемет көңіл-күй сыйлады. Ол 70 еріктілер қатарында Сауранбаев-Спартак көшелерінің қиылысында ҚР Гимнін орындады.

«Барлығы ерекше сезімде болды, бізге әскери оркестр сүйемелденді, әрқайсымыз Ту, Әнұран, Елтаңбаны мақтан етеміз. Біз мемлекеттік рәміздеріміздің бар екенін бағалауымыз керек» – деді Арнай Сахымбетов.

Осы күні гимн барлық скверлерде, жаяу жүргіншілер көшелерінде, метро вагондарында, «Медеу» биік таулы кешенінің, «Шымбұлақ» курортының аумағында, сондай-ақ «Көк Төбе»  саябағында орындалды.


Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай алматылық тұрғын үй кешендері жалаулармен безендірілді. Патриоттық идея Алматы қаласының барлық аудандарында жүзеге асырылды. Шұғыла шағын ауданындағы № 13, 14 көп қабатты көп қабатты үйлердің, «Премьера» ТК, Розыбакиева көшесіндегі 289, әл-Фараби даңғылы, 131, шағын ауданындағы үйлер, Қазақфильм 34а, Навои көшесі 37, «Науаи» ТК, Ақсай шағын ауданы 5, 25 үй, Сауранбаев көшесі бірнеше үйде және Панфилов көшесі 103. Бұл акция алматылықтар үшін мемлекеттік ту жай ғана белгі емес, мегаполис тұрғындарын біріктіретін тағы бір үлкен іс екенін көрсетті.

Сондай-ақ, қаланың 82 LED-экранында ҚР Туы көрініп тұрды. Мысалы, мемлекеттік рәміздердің электронды бейнесін Алматы халықаралық әуежайының LED - экранында көрсетті. «Достық Плаза» СОСО мен Forum СОСО және қаланың басқа да танымал орындарында болды.


Bólisý


Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!