|
08.02.2019 | 18:22
7312

Алматыда жолайырық құрылысы аумағындағы нысандар сүріле бастады

Алматыда жолайырық құрылысы аумағындағы нысандар сүріле бастады

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы үшін жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылады. Осыған орай аумақтағы ғимараттарды сүру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Ырысты көшесіндегі 900 шаршы метрге жуық аумақты алып жатқан нысанның иесі оны босатуы тиіс болған. Алайда ол шешімді орындауға асықпапты. Тіпті, сот орындаушыларын ғимаратқа кіргізбей қойған. Сондықтан қалалық Әділет департаменті қызметкерлері оның есігін бұзып кіруге мәжбүр болдық дейді. Кәсіпкерге ескерту қағазы өткен жылы қазан айында берілген.  

«Ішіне кірген кезде борышкер жұмысшыларының ғимарат ішінде отырғаны мәлім болды. Есікті өз еріктерімен ашпаған. Сондықтан біз ішке кіруге мәжбүр болдық. Ғимараттың ішінде мыңнан астам автокөлік дөңгелектері табылды. Бір қабатында мыңнан астам баллон бар екен. Соның бәрін өзіміз бастап шығарған болатынбыз. Қазіргі таңда борышкер өз талабы бойынша бізге акт толтырып берді. Және бізге келесі аптаның дүйсенбі күні сағат 10-ға дейін өз еркімен сот шешімін орындау туралы қолхат берді», – деді Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушысы Бағлан ТҰРСЫНБАЙ.

Айта кетейік, Рысқұлов пен Емцов көшесінің бойындағы жолайырық жоспар бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир