Microsoft компаниясы ресми тілдерінің қатарына қазақ тілін қосты

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Алдағы күндері қазақ тілі компанияның бірқатар жобасында қолжетімді болмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Microsoft компаниясы Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілінің қосылғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады egemen.kz.

«Тілге қатысты кедергіні жою жөніндегі миссиямызды жалғастыру барысында Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қосқанымызды қуана хабарлаймыз. Qazaqsha не Qazaq Tili Қазақстанда, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа елдерінде қолданылады. Қазақша сөйлейтін 22 миллионға жуық адам бар», - делінген хабарламада.

Алдағы күндерде қазақ тілі Microsoft-тың аударма жасайтын қолданбалары, баптаулары, Office бағдарламасы, Bing-ке арналған аудармашыда және кәсіпкерлер мен бағдарлама жасаушыларға арналған Azure Cognitive Services аударма қызметі сияқты жобаларында қолжетімді болмақ.

Енді кирилица әліпбиімен терілген мәтінді Microsoft Translator-де қазақша немесе басқа 60 шақты тілге аударуға болады.

Новости партнеров