|
15.10.2019 | 18:24
5892

Алматыда кітапханашылар марапатталды

Салтанатты шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзімен ашты

Алматыда кітапханашылар марапатталды

2019 жылғы 15 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында 15 қазан – Алматы қаласының кітапханалары күніне орай оңтүстік астанамыздың кітапханашыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.

Салтанатты шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзімен ашты. Шарада Алматы қаласы әкім орынбасарының кеңесшісі  Данияр Әлиев кітапхана күнімен құттықтап, Алматы қаласы әкімінің алғыс хатымен кітапханашыларды марапаттады. Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышев Бекжан Орынбайұлы кітапханашыларға алғысын айтып, Бостандық ауданы әкімінің алғыс хатымен мараппаттады.

Мерекелік кеште Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханасы және ҚР Ұлттық кітапхана ұжымдары «Кітапхана ісінің ардагері» және «кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды.   Сонымен қатар кітапхана серіктесі режиссер, ҚР Кинематографистер одағының төрағасы Тұрсұнов Ермек Каримжанұлы арнайы қатысып кітапханашыларды төл мерекесімен құттықтап, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызына алғысын білдірді. Шара соңы «Мамандығым мақтанышым» атты мерекелік концертке жалғасты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир