|
29.10.2023 | 18:24
2295

Алматыда мәслихат депутатын сайлау науқаны қалай өтті

Сайлауға келгендердің арасында 203 адам үміткердің барлығына қарсы дауыс берген

Алматыда мәслихат депутатын сайлау науқаны қалай өтті Сурет: Аlmaty.tv


Қазақстанның 11 өңірінде Мәслихаттан шығып қалған халық қалаулыларын сайлау науқаны өтті. Бұл ретте 2 облыстық, 7 қалалық және 12 аудандық депутаттар сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халық Алматы қаласында мәслихат депутаттығына үміткер болған алты кандидат арасында таңдау жасады. №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 42 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дегенмен, тізімдегі 52 мың адамның 7 мыңнан астамы ғана дауыс беруге келді.

– Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, өткен сайлауларға қарағанда бқл жолы халық белсенділік танытпады. Сол келген адамды 100%-ке алып, сол жерден кім қаншалықты кімге дауыс бергеніне байланысты шешім қабылданады, – деді № 79 сайлау учаскесінің төрағасы Өмірзақ Нұрғабылов

Сайлау учаскелерінде байқаушылар, кандидаттардың сенімді өкілдері және БАҚ құралған 100-ден аса адам қатысты. Учаскелерде халықтың барлық тобына жағдай жасалған. Сондай-ақ әдеттегідей алғаш рет дауыс беруге келгендерге түрлі сыйлық таратылды.

– Алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Қазақстанның азаматы болашағы үшін, сайлаудан қалмай, таңдауын жасағаны дұрыс деп ойлаймын, – деді студент Құрмет Алпысбай.

– Еліміз тыныш болсын деп ойлаймын. Халық сайлаған соң, сәл де болса іс ілгері жүреді деп ойлаймын, – деді қала тұрғыны Тілеулес Өтепбергенова.

Сайлау қорытындысы бойынша 4562 дауыс жинаған Елена Бакарасова жеңіске жетті. Сайлауға келгендердің арасында 203 адам үміткердің барлығына қарсы дауыс берген.

Жансая Олжабек, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы




Оқи отырыңыз: Жастар мен зейнеткерлер дауыс берді: Алматы мәслихатына депутат сайлауы қалай өтуде

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир