Бүгін - алматылықтар мен қала қонақтары үшін ерекше күн. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев халық алдында есептік кездесуі өтті. Өткен жылғы атқарылған шаруалар мен болашаққа қойылған мақсаттар тізбектелген кездесу бұл жолы ерекше форматта өрбіді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халық арена спорт сарайына жиналған қалың көпшілік таңғы сағат 8 жарымнан бастап әуелі қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдерінің жеке қабылдауына кезекке тұрды. Өздерін толғантқан мәселелер мен шешілмей жатқан шаруаларын тағы бір мәрте айтуға мүмкіндік алды. Ал, одан кейін сағат 10:00 да шымылдығын түрген негізгі жиын алдымен шағын фильм көрсетілімімен басталды. Кездесудің ерекшелігі де осында. Қала әкімі ұзақ баяндама жасамай-ақ алдымен былтырғы жасалған істер мен келешекке қойылған мақсат-мүдделер сол фильмде толық баяндалды.
Іс-шараның толық жай-жапсарын «Алматы» телеарнасында сағат 13:00, 16:00 және 19:00-де болатын жаңалықтардың арнайы шығарылымнан тамашалаңыздар.