|
20.02.2019 | 18:25
3374

Аттестация: шымкенттік имамдар білім деңгейлерін дәлелдемек

5 жылда бір рет өткізілетін шараға 280 дін қызметкері қатысуға ниет білдірген

Аттестация: шымкенттік имамдар білім деңгейлерін дәлелдемек

Шымкентте имамдардың аттестациясы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

 Білім деңгейін дәлелдеуге ұстаздар мен азаншылар да қатысады. Олар компьютерлік бағдарлама арқылы арнайы әзірленген тест сұрақтарына жауап берулері тиіс. Тестілеу ақида, шариғат үкімдері және заңдарға негізделген. Ал Құран аяттары, Ислам тарихы және тұғырнама бойынша тапсырмаларды ауызша тапсырады.

«Негізгі қойылатын талаптар – өзінің діни білімі аясында шариғат, Ислам негіздерінен және иман негіздерін қалыптастыратын Ханафи Мазхабының діни таным-түсінігінің аясында білімін деңгейін көрсетеді және ең бастысы, мемлекеттік заңымызды, Ата заңымыз – Конституцияны білуі болып табылады», – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы ОРАЗ.

Түркістан облысындағы 818 дін қызметкерін де дәл осы сұрыптаудан өткізу жоспарланып отыр. Аттестациядан өте алмай қалған имамдар бір айдан кейін тағы да тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал екінші рет мүлт кетсе қайтадан білім жетілдіру курстарына жіберілетін болады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир