Алматыда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өсті

webinfo.kz
webinfo.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі есеге өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді жаңа төлем жүйесіне қойылатын талап басқа. Бұдан былай лауазым мен еңбек өтіліне назар аударылмайды. Атқарған жұмысының нәтижесі мен мемлекеттік органға әкелген пайдасына байланысты төленеді. Маман негізгі лауазымдық еңбекақысынан бөлек, бонустар алу мүмкіндігіне де ие. Олардың қаншалықты өнімді еңбек еткені бекітілген шкаланың көмегімен бағаланады.  

«Мемлекеттік органдар бір жыл ішінде қойылған мақсатқа қол жеткізу керек. Әр қызметкер еткен еңбегіне сай жалақы алуы тиіс. Оның он екі ай бойында жасаған жұмысы жыл соңында көрініп тұрады. Сәйкесінше, соған қарап бонустар да қарастырылады. Бұл өте тиімді шешім деп ойлаймын», – деді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Венера МУРЗАГЕЛЬДИНОВА.  

Новости партнеров