|
27.11.2019 | 20:57
12620

Қазақ ұлттық қыздар университетінің 75 жылдығы тойланды

Бүгінде университет әлемнің 70-ке жуық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық байланыс орнатқан

Қазақ ұлттық қыздар университетінің  75 жылдығы тойланды

Аталған жоғары оқу орны құрылған күнінен бастап-ақ отандық білім беру мен ғылымның жарқын үлгісі, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау көзі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қыздар университеті  тек педагог даярлап қана қоймай, болашақ мамандардың бойына халқымыздың тағылымды тәрбиесін, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрін сіңіріп келеді. Соның бірі – айғағы жастар арасында тұңғыш рет өткізілген «Үкілі үміт» қайырымдылық балы.  

«Халқымыздың бір ұлағатты сөзі бар: «Ұлтыңды тәрбиелейін десең, қызыңды тәрбиеле» деген. Осы мақсатта біз қыздарымызға, жалпы жастарға жоғары мәдениетті, адамгершілікті тәрбилеуді көздейміз. Бекзат өнер арқылы біз жастарымызға инабаттылықты, парасаттылықты, қайырымдылықты тәрбиелеуге мақсат етеміз», – деді Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің ректоры Гауһар АЛДАМБЕРГЕНОВА.          

Осы күнге дейін іргетасын нықтаған, өзінің дара дәстүрін қалыптастырған оқу орны еліміздің ұстаздар даярлайтын бірден-бір орталығына айнала білді. Бүгінде университет әлемнің 70-ке жуық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық байланыс орнатқан. Оның ішінде Түркия, АҚШ, Ұлыбритания елдеріндегі алдыңғы қатарлы білім ошақтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, қосдипломды білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді.

«2012 жылдан бастап Қыздар университетімен қарым-қатынасымыз, ынтықмақтастық орнатып келеміз. Ең бастысы бұл университетпен түркі әлем зерттеу бойынша тығыз байланыстамыз. Осы бағытта симпозиум өткен жылы дәл осы жоғары орнында ұйымдастырылса, биыл Түркияда өтті. Қыздар университетін мерйтойы шын жүректен құттықтаймын және шақырғандарыңызға алғыс айтамын», – деді Түркияның «Өмер Халисдемир» университетінің ректоры Мухсин КАР.        

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир