Қазақстан – ортақ шаңырағымыз деген Президент, ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын да тілге тиек етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін!» деді мемлекет басшысы. Сол үшін де Қасым-Жомарт Тоқаев
қазақстандықтарды еліміздің даму жолында бірігуге шақырды. Сол үшін ел үшін аянбай еңбек етуге үндеді.
«Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі. Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік - ақылға бірлік» дегенін білесіздер. Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Бағытымыз - айқын, жолымыз - ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін!» – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.