|
22.07.2019 | 19:10
3189

Сағынтаевтың парақшасына жазылушылар күрт көбейді

Үш аптада Instagram-парақшасына 90 000 адам жазылып, 14 000-ға жуық сауал жолданған

Сағынтаевтың парақшасына жазылушылар күрт көбейді Фото Reuters

Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі қызметіне тағайындала сала әлеуметтік желілерінен ашқан жеке парақшасына жазылушылар саны күрт артқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Небары үш аптада Instagram-парақшасына 90 000 адам  жазылып,қала жұртшылығынан әкімге 14 000-ға жуық сауал жолданыпты. Әкім олардың 66 пайызына жедел жауап берген. Жолданған сауалдар бойынша тұрғындардың 13 пайызын абантандыру, 8 пайызын көлік және жол құрылысы, 2 пайыз энергетика және коммуналдық шаруашылық, 2 пайыз тұрғын үй, ал тағы 2 пайызын жарықтандыру мәселесі алаңдатады.

Қала басшысы ешбір шағымды ескерусіз қалдырмайды әрі аудан басшыларына бірден тапсырма жүктейді.

Айта кетейік, олар Алматы әкіміне 1-тамызға дейін әр алматылықтың әл-ауқатын дамытуға қатысты жоспарларын көрсетулері тиіс.


Instagram - 90 000

14 000 сауал

Тұрғындарды мазалайтын мәселелер:

абаттандыру - 964

көлік және жол құрылысы - 592

энергетика және коммуналды шаруашылық - 210

тұрғын үй - 171

жарықтандыру – 167

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир