Алматыда бірнеше адамды көлікпен қаққан екінші күдікті ұсталды
Оқиға 26 тамыз күні Бостандық ауданында орын алған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сот 24 жастағы күдіктіге 16 қыркүйек күні екі айға қамау туралы санкция берген. Бұл құжатты бүгін сот заңды деп таныды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Себебі ол осы уақытқа дейін іздеуде болған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Кейін санкция ұзартылуы мүмкін немесе іс сотқа беріледі.
Еске сала кетейік, сұмдық оқиға 26 тамыз күні Бостандық ауданында орын алған еді. Белгілісі, бір топ жігіттер жан-жалдасқан. Кейін әуелі ақ түсті көлікті тізгіндеген жүргізуші ерегескендердің біреуін қағып кете жаздайды. Ал қара машинаның иесі керісінше қаймықпастан үш адамды қасақана қаққан. Салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың аяқ-қолы жарақаттанып, милары шайқалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
22.09.2026 13:00
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45