|
18.09.2019 | 18:32
2308

Марат Тәжин қызметінен босатылды

Марат Тәжин қызметінен босатылды

ҚР Президентінің Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Марат Мұханбетқазыұлы 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, экономист мамандығы бойынша бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты (1985). 

Әлеуметтану ғылымдарының докторы (1988).

Лондон университетінің докторанты (1988). 

Профессор (1993 жылдан бастап).

Стамбул университетінің құрметті профессоры (2008 жылдан бастап).

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік академигі, Қазақстан Республикасы саяси ғылымдар академиясының академигі және президенті, Қазақстан Республикасы әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, Түркі тілдес елдер әлеуметтанушылар одағының президенті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир