Алматыда бейбіт шеру өткізуге рұқсат етілген екі орын белгілі болды

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірі – «Сары-Арқа» кинотеатрының маңындағы сквер және екіншісі - «Южный» саябағының іргесі. Яғни, Жороков көшесінде. Мұндай жобаны қалалық маслихаты ұсынған. Митинг, бейбіт шеру және пикеттер өткізу ережесі 18 бөлімнен тұрады. Онда шеру өткізуге рұқсат алу өтінішін қалай жазу керек, оған қатысушылардың өзін қалай ұстаулары керектігі де тәптіштеп көрсетілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

8 қазанға дейін талқылануы тиіс құжатта бейбіт шеруге қатысатын адамдарға мынадай заттарды істеуге тыйым салынады:

- транспорттарға және жүргіншілерге кедергі келтіруге;

-  инфрақұрылымның жұмыс істеуіне кедергі келтіруге;

- жергілікті басқару органдарының рұқсатынсыз уақытша шатыр тігуге;

- шағын архитектуралық мүсіндер мен жасыл желекке зиян келтіруге;

- тапанша және суық қару алуға;

- алкогольдік және наркотикалық заттарды қабылдауға;

- транспаранттар мен лозунгтар қолдануға    

Егер қатысушылар жоғарыда айтылған бөлімнің біреуін бұзатын болса, бейбіт шеру тоқтатылады.  Ал, парламентте мәжілісмендер митингіге өздерімен бала алып келгендерді заң аясында жазалауды қарастырып жатыр.

Новости партнеров