Бақытты отбасы: Бостандық ауданындағы орталықта «Алтын күз» байқауы өтті

Бақытты отбасы: Бостандық ауданындағы орталықта «Алтын күз» байқауы өтті
Байқауға 40-қа жуық ана қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бостандық ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығында көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар арасында байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқау бірнеше номинацияға арналған. Күз тақырыбында өнерлі аналар түрлі тағам әзірлеп, қолөнер бұйымдарын жасап, сонымен қатар орталықты безендірумен айналысқан.      

«Бақытты отбасы» орталығында «Алтын күз» іс-шарасы өтіп жатыр. Өнерлі аналарымыз қолөнер бұйымдарын көпшілікке ұсынып жатыр. Бұл байқау аналарымыздың заман талабына сай өмір сүріп, өнерін дамыту үшін  ұйымдастырылған», - деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева.

Қатысушылар ұлттық нақыштағы бұйымдар, оюмен өрнектелген көрпе-жастықтар, сөмкелер мен аяқ киімдер жасаған. Байқауға 40-қа жуық ана қатысты.

«Байқауға қатысушылар әр номинация бойынша 3 орынға бақ сынады. Атап айтсақ, бөлмені безендіру, дәмді тамақ және киім үлгісін ұсыну. Барлығы 9 орын дайындадық. Сондай-ақ түрлі сыйлық беріледі», – деді  PROFEXPERT фондының президенті Руслан Қалиоллаев.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы аналарға нағыз мереке сыйлады. Байқауға келген олардың көңілі қуанышқа, ал құшағы сыйлыққа толды.

Новости партнеров