Өздеріне сауап. Жұртқа жақсылық жасаудан жалықпайтын қайырымды жандардың арасында байқау өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазір республика бойынша конкурсқа қатысу үшін іріктеу жүруде. «Қайырымдылық керуені» деп аталатын бұл дода Тұңғыш Президент қоры мен Іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылуда. Жеңімпаздар ақпан айының соныңда 5 номинация бойынша Астанада марапатталады.
«Бұл алғашқы жоба. Бұған дейін де қаншама жомарт жандар қайырымдылық істер атқарып жатыр. Бірақ оынң бәрін ешкім біле бермейді, айта бермейді, жария қылғысы келмейді. Ал осы жолы мықты азаматтарды көрсетуді мақсат еттік. Жобаның негізгі мақсаты – қоғамдағы қайырымды жандардың санын көбейту, мейірімділікті арттыру», – дейді Алматы қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Жанар ЧАЙАРОВА.