Алматы мәслихатының VII шақырылым депутаттары тұрғындармен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
5 оқу корпусын салу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәслихаттың тарауына қарамастан партия өкілдері аудан жұртымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін №199 мектепте бас қосқан шенділер аудан дамуындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, көпті тыңдады. Жиналғандар негізінен Бостандық ауданындағы мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығына мән беруді сұрады. Басқосудың қорытындысында аталған мәселені шешу үшін 1320 орындық 5 оқу корпусын салу жоспарланғаны мәлім болды.

«Қала тұрғындарын тыңдадық. Байланыс үзілмейді, негізгі қызметімізді партия құрамында жүріп-ақ атқара береміз. Ал бүгінгі жиында талқыға түскен тақырыптар - тек Бостандық ауданы емес, қала үшін де аса маңызды. Олар тиісінше қарастырылатын болады», – деді қалалық мәслихаттың VII шақырылым депутаты Диана Ерлан.  

Сондай-ақ VII шақырылым депутаттары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инфраструктуралық қолжетімділікті қайта қарауды сұрады. Аталған бағытта нақты шаралар қабылданбақ.

Новости партнеров