Қырғызстан көкпаршысына қысым көрсетілді ме – ҰҚК мәлімдеме жасады

dzen.ru
dzen.ru
ҰҚК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде көкпардан Қырғызстан құрамасының ойыншысына қысым көрсетілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат таралды», - делінген комитет хабарламасында.

ҰҚК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлім етті.

«ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақстан көкпаршысы қырғыз спортшыларымен болған жанжалдың себебін түсіндірді

Новости партнеров