|
25.02.2019 | 18:36
10945

Астанадағы Ботаникалық бақта еуропалық экспозиция жасалады

Алғашқы көшеттер, эндемиктер мен тұқымдарды елордаға сәуір айынан бастап жеткізе бастайды

Астанадағы Ботаникалық бақта еуропалық экспозиция жасалады NUR.KZ

Астанадағы Ботаникалық бақта еуропалық экспозиция жасалады. Алғашқы көшеттер, эндемиктер мен тұқымдарды елордаға сәуір айынан бастап жеткізе бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Мамандарға өсімдіктерге ерекше күтім жасау тапсырылып отыр. Себебі, ең алдымен көшеттерді қатал континенталды климатқа бейімдеу маңызды боп тұр. Айта кетсек, бұл коллекциялар Ботаника институты мен Францияның мамандандырылған өсімдік қоймалары қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық меморандумының арқасында біздің елге жеткізілмек. 


«Алдымен бұл өсімдіктер біздің климатқа бірнеше жыл бейімделуі керек. Содан кейін ғана еуропалық өсімдіктердің осы ассортиментін Астана қаласын көгалдандыруға пайдалану жайын ойластыруға болады. Мақсатымыз – тек елордадағы Ботаникалық баққа коллекция жасау ғана емес, болашақта Астананы көркейтуге пайдалану», – деді «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК бас директоры Гүлнара СИТПАЕВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир