Біз біргеміз. Қалалық «Jas Otan» жастар қанаты Жетісу аудандық "Nur Otan" партиясының аудандық филиалымен бірлесіп әз Наурыз мерекесіне тап келген каратин кезінде қызметте жүргендерге қолдау білдірді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.
Мақсаты – елдегі ахуалға қарамастан Наурыз мерекесінің басты тағамы Наурыз көженің дәмін татқызып, қандай қиын жағдай болмасын бірге екендігін жеткізу. Мұндай шараны қолдауға Жетісу аудандық кәсіпкерлер қол ұшын берген.
«Жетісу ауданындағы мейрамханалардың бірінде арнайы көже дайындалды. Оны «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері стирильді түрде әрқайсысын жеке-жеке бөліп, қасына 4 бауырсағын қосып, қазір түскі уақыт кезінде жеткізетін боламыз. Үш уақыт тамақпен қамтамасыз етілген. Бірақ Наурыз кезінде де, қиын жағдайда да біз өзіміздің салт-дәстүрімізді ұмытпаймыз. Біз ол кісілермен біргеміз», – деді қалалық «JAS OTAN» жастар қанатының төрағасы Мәди АХМЕТОВ.
200 адамға дайындалған көже, бауырсақ Жетісу ауданындағы 4 блок-бекетте жұмыс істеп жатқан құқық қорғау органдарының, медицина және аудан қызметкерлеріне үлестірілді. Ұйымдастырушылар әр қызметкерді мерекемен құттықтады.
БЛИЦ:
– Біріншіден сіздерге алғысымызды айтқымыз келеді. Осылай көңіл бөліп, бізге осындай қиын кезеңде жергілікті бекетте қызмет істеп жатқан қызметкерлер: әскерилер, төтеншеліктер, әкімдік қызметкерлері бар. Сіздерге көп рақмет!
– «Jas Otan» келіп бізге Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай Наурыз көже алып келіп бергеніне өте қуаныштымыз. Рақмет сіздерге! Біз жұмысымызды жалғастыра береміз.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Ол үшін шаһардағы демеушілер де қаржылық көмек көрсетуге дайын екен.
Арнат Дүйсен, Валерий Таубалдиев
«Алматы» телеарнасы