Маңғыстауда экология заңын бұзғаны үшін мұнай мекемесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндірген. Заңбұзушылық табиғатты қорғау прокуратурасымен талдау жұмыстарын жүргізу барысында анықталған. Компанияға заңсыз әрекеті үшін айыппұл салынды.
– ҚР ӘҚБт кодексінің 328-бабымен жауапкершілікке тартылды, 7,8 млн теңге айыппұл салынды. Табиғатты қорғау прокуратурасымен экологиялық заңының талаптары бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде, – деді Табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры Нұрлан Оразбаев.
Оқи отырыңыз: Астанада бұрын сотты болған педофилдерге электрондық білезік тағылды