Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінен
25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«2021 жылғы 18 тамызда, бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері келді», – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы да эвакуацияланған. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35