Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі Алматыдағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Жиын барысында түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлер өзінің толғандырған сұрақтарын қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері Алматыдағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиын барысында түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлер өзінің толғандырған сұрағын қойды. Жалпы қаладағы үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қолға алған жобаcының басым бөлігі әлеуметтік мәселерді қамтиды. Бірі балалардың білім сапасын арттыруға бағытталған бағдарлама шеңберінде жұмыс істесе, енді бірі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған жоба аясында қызмет етеді.

“Бүгінде сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелетін басым салалар бұл – жерді сату немесе сатып алу кезінде және құрылыс жүргізу барысында орын алып жатады. Біз оны түрлі БАҚ мен әлеуметтік желіден де байқап отырмыз. Сол себепті бұл жұмыстарға бақылауды күшейту қажет деп есептеймін. Бүгінгі жиын кезінде бұл сұрақтар кеңінен талқыланды”, – дейді “Ақпараттық-ресурстық орталығы” қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбеева.

Айта кетейік, қазір Алматы қаласында түрлі салада жұмыс істейтін 4063 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 1500 астамы қоғамдық қор, 2000 жуығы қоғамдық ұйым.  Бұл жалпы республикадағы үкіметтік емес ұйымдар санының 19 пайызы.  Десе де, мамандардың айтуынша мегаполисте белсенді жұмыс істеп тұрған ұйым саны тек 400 ғана екен. Ондағы жобалардың басым бөлігін мемлекет қаржыландырады. Мәселен өткен жылы жалпы құны 2,4 млрд теңге болатын 88 бағдарлама жүзеге асқан. Ал биыл құны 2,2 млрд болатын 77 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр.

“Бүгінгі жиында қаралған мәселе көп. Мектеп пен балабақшадағы білім саласынан бастап қаладағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына дейін жалғасады. Алматыда ғимараттар арасына тығыз салынған нысандар көп. Алаңдатаны сол – олардың жанында мектеп пен аурухана секілді әлеуметтік ғимараттар бар. Әлем елдерінде апаттардың болып жатқандығын ескерсек, бұл сұрақтар бізді де алаңдатуы керек”, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жанына құрылған қоғамдық кеңестің мүшесі Кәкімжан Бишманов.

Новости партнеров