Қазақстан Халық Ассамблеясының өкілдері бүгін Алматыда Президенттің жолдауын талқылады. Достық үйіне жиналған түрлі үлт өкілдері мемлекет басшысының жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға өздерінің қаншалықты көмек көрсете алатындарын да ақылдасты, деп хабарлайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халқына жолдауын талқылау мен түсіндіруге маслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жиын соңы шешен және ингуш халықтарының этно-мәдениетін насихаттауға арналған салтанатты шараға жалғасты.
«Қазақстанда тұрып жатқан әрбір этностың мәдениетін, тарихын, тілін, өнерін дамыту үшін, оны көрсету үшін осындай арнайы шаралар ұйымдастырудамыз. Шешендер мен ингуштар Қазақстан Республикасын дамытуға ат салысқан біздің халқымыздың бір бөлігі үлкен еңбек етуде», – деп хабарлайды Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансеит ТҮЙМЕБАЕВ.
«Президентіміз жаңа жолдауында өте айқын және нақты міндеттерді қойды. Ал халықтар достығы жайында «егер бізде халықтар достығы болмаса, онда сөйлесетін ортақ ештеңе қалмас еді» делінген. Барлық саяси және экономикалық ұйымдардың ең басты мақсаттарының бірі - бұл біздің ұлылығымыз және келісіміміз», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ахмед МУРАДОВ.