|
13.06.2024 | 18:42
2213

Шегірткемен күрес: Ақтөбе облысында 700 мың гектар жерді өңдеу жоспарланып отыр

Аймақтың 9 ауданында бұл зиянкестің дернәсілі табылған

Шегірткемен күрес: Ақтөбе облысында 700 мың гектар жерді өңдеу жоспарланып отыр Almaty.tv

Ақтөбе облысының шаруалары шегірткенің шабуылынан қорқып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аймақтың 9 ауданында бұл зиянкестің дернәсілі табылған. Олардың таралу ошаға мамандардың жіті бақылауында. Шаруалар «егер алдағы уақытта өңірде күн қатты ысып кетсе, жәндіктер күрт көбеюі мүмкін» деп дабыл қақты.

Өңірде барлығы 700 мың гектар жерді өңдеу жоспарланып отыр.

– Егер қазір шегірткелерге қарсы жұмысқа селқос қарайтын болса, өңірде құрғақшылық болуы мүмкін. Ол мал шаруашылығына әсер етеді. Біз әрбір қожалыққа бүріккіш құрылғы бөлсе деген ұсыныс айттық, – деді шаруа Руслан Шүйіншалин.

Шегірткелер шабуылы жалғасса, өңірде егіннен егін, шөптен шөп қалмауы мүмкін. Зиянкестердің үйірлі түрінен келетін қауіп көп. Қазір Ырғыз, Шалқар, Үйіл, Әйтеке би аудандарындағы алқаптарды өңдеу жалғасып жатыр. Ал келесі жылдан бастап өңірде арнайы дрондар арқылы бүрку жүруі мүмкін. Бұл технология жәндіктердің қай ошақтан тарап жатқаны туралы нақты ақпарат бере алады.

– Үйірлі шегірткелер де, саяқ шегірткелер де химиялық өңдеуден өтіп отыр. Мердігер компаниялар өзіне жүктелген міндетті атқаруда, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әсілхан Әбтиев.

Оқи отырыңыз: Елімізде шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир