Алматыда қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері сайланады

Алматыда қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері сайланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық қоғамдық кеңесіне жаңа мүшелер сайланады. Бүгін талапкерлерді іріктеу үшін арнайы комиссия құру туралы конкурс жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.


Қоғамдық кеңестің қазіргі мүшелері үш жыл жұмыс істеп, қалада бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуға ықпал етті. Енді бұл құрам өз жұмысын 29 наурызда аяқтап, орынды жаңа үміткерлерге босатады. Дегенмен, кеңестің кей мүшелері келесі шақырылымға да өздерін қайта ұсынбақ. Қазірдің өзінде қоғамдық алқа мүшесі болуға ықылас білдіргендер қатары көп екен.  

«Алдын ала келіп жатқан адамдар бар. Мысалы, жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, жоғары оқу орындарының проректорлары, журналистер, тұтынушылардың мүддесін қорғайтын ұйымдар басшылары қатысуда. Біз үшін қаланың ішіндегі өзекті мәселелерді білетін адамдар маңызды. Қаламыздың дамуына беделді, жан-жақты білімді адамдар қажет», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман АЛШАНОВ.

Заң бойынша қоғамдық кеңесі мүшелерінің санына шектеу қойылмаған. Тек олардың үштен бірі мемлекеттік мекемелерден сайлануы тиіс. Сондай-ақ, кандидаттардың жасына, жынысына және жұмысына да шектеу жоқ. Кез-келген сала өкілі мен зейнеткерлер де қаланың маңызды мәселелерін шешуге білек сыбана араласа алады. Бірақ басты талап – кеңес мүшелері барлық кездесулерге белсенді қатысып, өз пікірін білдіруі қажет. Айта кетсек, қазіргі құрамда 34 адам жұмыс істеп жатыр.


Новости партнеров