Жол жоқ: Маңғыстау облысындағы тұрғындардың мәселесі қашан шешіледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Ауылдағы 1,6 шақырым жолды жөндеу үшін 39 млн теңге бөлінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылының тұрғындары ми балшыққа батып, қиналып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Резеіңке етік пен полиэтилен пакет. Бұл аталғандар – осы жолмен мектепке жету үшін оқушыларға таптырмас құрал. Жаңбыр жауып, қар ерісе ауыл көшелерінде көлік те, адам да жүре алмай қалады. Себебі жаяу жүргіншіге арналған жол жоқ. Ал ми балшықтың мәселесін шешілмей тұр.

– Жаңбыр, қар жауғанда батпаққа батып қаламыз. Қариялар, жас балалар бар. Оқушыларға қиын, – деді тұрғын Түгелбай Көрпиев.

Ауыл әкімдігі жол мәселесінің жайы қиын екенін жасырмады.

– Қарашада «Жол құрылыс» деген мекеме жеңімпаз болып анықталды. Олар жолдың астыңғы қабатын тегістеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс уақытша тоқтады. Қиыршық тас төселеді, жұмыс келер жылы наурызда аяқталуы тиіс. Дегенмен жолды жыл аяғына дейін жөндеуді жоспарлап отырмыз, – деді Басқұдық ауылының әкімі Нұралы Жұмабаев.

Ауылдағы 1,6 шақырым жолды жөндеу үшін 39 млн теңге бөлінген. Ал әкім жаяу жүргіншілерге арналған жол асфальт төселгеннен кейін қолға алынады деп сендірді.

Жазира Қуанышбекқызы, Мұқағали Нұрдәулет, «Алматы» телеарнасы, Маңғыстаудан

Оқи отырыңыз: 2024 жылы кімдерге арнайы төлем төленеді

Новости партнеров