«Еңбек» мекемесінің лауазымды тұлғалары 30 қылмыс жасаған

«Еңбек» мекемесінің лауазымды тұлғалары 30 қылмыс жасаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жемқорлардың шаңын қағып жүрген еліміздің басты ведомствосы қылмыстық атқару жүйесіндегі бірқатар былықтың бетін ашты. Тек бір ғана «Еңбек» деп аталатын республикалық мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары 30 бірдей қылмыс жасап сотты болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Коррупция үшін жауапқа тартылғандардың қатарында «Еңбек-Орал», «Еңбек-Қостанай» және «Еңбек-Семей» сияқты аймақтық бөлімшелердің қызметкерлері де бар.

«Сыбайлас жемқорлық фактілері қылмыстық атқару жүйесінде және «Еңбек» республикалық мемлекеттік мекемеде жиі орын алуда. Мәселен,  Алматы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/18 мекемесінің бұрынғы басшысы Ринат Қасымбековқа жымқыру үшін 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕЦ-166/10 түзету мекемесінің басшысы Нұрлан Әбен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Оның орынбасары әділет майоры Талғат Мұсаев екі жылға дейін темір тордың ар жағына тоғытылды», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің тергеушісі Қайсар БАРЖАҚСЫНОВ.

Новости партнеров