Қасиетті Рамазан айы қашан басталады

ru.sputnik.kz
ru.sputnik.kz
21 сәуір – Ораза айттың бірінші күні
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасиетті Рамазан айы биыл 23 наурызда басталады. Айлардың сұлтаны саналған 30 күнде жамағат ауыз бекітіп, ораза тұтады. Ал қасиетті Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түнге түсіп тұр. 21 сәуір – Ораза айттың бірінші күні. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы мейірім мен кешірімге, сауапқа толы айда қандай ізгі амалдар жасалу керегін айтты. Журналистер сұрағына жауап берген ол ораза ұстаудың шарттарымен де бөлісті.

«ҚМДБ бүкіл өңірдң ескере отырып, 2 келі ұнның бағасын алдық. Биылғы Рамазандағы пітір садақа құны 535 теңге деп бекітілді. Бидай, құрма, мейіз деген сияқты әртүрлі өнімнен беруге болады. Халыққа БАҚ арқылы тағы да түсіндіріп береміз», – деді ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.  

Бас мүфтидің айтуынша, қасиетті айда атқарылатын қайырымдылық іс-шаралар биыл да жалғасын табады. «Зекет және қайырымдылық» қоры ел бойынша мұқтаж отбасына көмек қолын созуды жоспарлап отыр.

Новости партнеров