АЭС: радиоактивті қалдықтар мәселесі қалай шешіледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Сала мамандарының айтуынша, 80 пайыз қалдық қайта энергия беруге қауқарлы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АЭС салынса, оған қажетті уран таблеткасының тек 20 пайызы қолданылып, қалғаны арнайы орындарда сақталмақ. Осылай деген сала мамандары 80 пайыз қалдықтың қайта энергия беруге қауқарлы екенін де айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сол себепті оның жерге көмілмейтінін, керісінше реактордың төртінші буыны іске қосылғанда толықтай жағып жіберуге мүмкіндік туатынын жеткізді. Ғалымдар осылайша бірнеше жылдың ішінде радиоактивті қалдықтар мәселесі шешілетінін атап өтіп, оның таза отын ретінде пайдаланылатынын сөз етті.

– Радиоактивті қалдықтарды, отындарды сақтайды. Барлық реакторларда қосымша қоймалары бар. Сол жерде сақтап отырады. Ал көмсе, қайта қолдана алмайсың. Талапқа сай бетонмен, темірмен қоршап қояды,радиация сыртқа шықпайды, – деді «Ядролық физика институты» РМК бас директорының кеңесшісі Насурлла Бөртебаев.  

Оқи отырыңыз: Электр қуатын беретін стансаның барлығын дамыту қажет - Тимур Жолдыбаев



Новости партнеров