«ҚХА мен этномәдени бірлестіктер қоғамдағы ашықтық пен толеранттылықты нығайтуға күш салуы керек»". Бұл туралы Алматыда Президенттің Жолдауын талқылауға арналған жиында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басқосуға ҚХА төрғасының орынбасары, кеңесші орган мүшелері және басқа да бірлестік өкілдері қатысты. Кездесуде алда өтетін жалпыхалықтық референдумнан бөлек, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көтерген бастамалары сөз болды.
– Қорқатын болсақ, дамыған мемлекеттер қатарына кіре алмаймыз. Әр ұлт өкілі үлес қосып, балаларды тәрбиелеп, бірлігі бекем,ынтымақты ел ретінде әлемде алдынғы қатардан орын аламыз, – деді Ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Долқұнтай Абдухалил.
– Мемлекет басшысы Жолдауында жаһандық тенденцияларға байланысты қандай бағытта жұмыс істеу керек екенін нақтылап берді. Соның ішінде бірлігімізді басты назарға алу – маңызды. Сондықтан ассамблея өкілдері мен этномәдени бірлестіктер өздерінің ұсыныстарын білдіріп, бірқатар мәселені талқыға салды, – деді Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан.
Оқи отырыңыз: АЭС: радиоактивті қалдықтар мәселесі қалай шешіледі