Ашуға булықты: қосшылықтар әділдік іздейді

Almaty TV
Almaty TV

Баспана кезегі тізімінен 20 адам түсіп қалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астананың іргесінде үй кезегінде тұрған 20-ға жуық адам биыл тағы да баспанасыз қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Әлеуметтік осал топқа жататын жандар осыдан он жылдам астам уақыт бұрын үй кезегіне тұрған. Сарғайып күткен пәтерлерін енді аламыз ба дегенде, 2-3 жыл бұрын ғана кезекке тұрғандар үйлі болыпты. Ашуға булыққан тұрғындар әділдік іздеп Қосшы қаласындағы әкімдікке жиналды.

- 2013 жылы әпкем қайтыс болып, артында екі баласы қалды. 2014 жылы үлкен баласын үй кезегіне қойғанбыз. Екіншісін екі жылдан кейін кезекке тұрғыздық. Содан бері үй ала алмай келеміз. Өткен аптада кезекте тұрған 20 адам баспаналы болды дегенді естіп, kezekte.kz сайтына кіріп қарасам, 2022 жылы кезекке тұрған бір кісі үйлі болған екен. Оның үстіне 39 жастағы бір адам осы арқылы үй алған. Бұл қалай болғаны? - дейді Қосшы қаласының тұрғыны Айжан Бейскова.

- Мен 2015 жылы жалғызбасты ана ретінде кезекке тұрдым. Одан кейін көпбалалы ана ретінде де кезекке құжат тапсырдым. Менің кезегім енді келетін шығар. Бірақ маған әділдік керек. Барлығы кезекпен алса деймін. Таныс-тамыр арқылы кезегін жылжытқандары дұрыс емес деп санаймын, - дейді Қосшы қаласының тұрғыны Жансая Түменова.

Жергілікті әкімдік өкілі өткен аптада үйлі болғандардың барлығы заңды түрде пәтер алды деп отыр. Шендінің айтуынша, Қосшы қала статусын алғанына 3 жыл болған. Оған дейін әлеуметтік осал топқа жататын жандар Целиноград аудандық кезегінде болыпты. Сөйтіп, сол дерекқордан осы қаланың жүйесіне ауысқан кезде көп адамның кезегі бірге ауысып кетіпті. Енді артқа жылжып кеткен адамдар сотқа жүгініп, өз мәселелерін реттеп алған екен.  

- Сот шешімімен азаматтардың көбі құқығын қалпына келтірді. Кезекке енгізу тәртібінде мысалы, №78 менің санатымда тұрса, мен №79 болып келсем, мен бірінші №79 болып тұрамын. Содан кейін барып, дерекқордың ішінде соттың шешімі бойынша өз кезегім қалпына келтіріледі. Ол біраз уақытты алады, - дейді Қосшы қаласы әкімдігі аппаратының басшы Фархат Байқасов.

Фархат Байқасовтың айтуынша, үйді үлестірген кезде де отбасы мүшелеріне қарайды екен. Мәселен, толық емес отбасында бір бала мен бір әйел адам болса, оларға екі бөлмелі пәтер берілу керек. Егер жалғызбасты кісі болса, оған бір бөлменің кілті табысталады. Осындай деректерге қарап өткен аптадағы баспаналар үлестірілген.  

Өмір Серікбекұлы Нұрлан Өтегенов Дастан Темірбекұлы «Алматы» телеарнасы Ақмола облысы

Оқи отырыңыз: Елімізде баспана кезегінде тұрған неше азамат тізімнен шығарылды

Новости партнеров