7 жастағы ер баланың денесі судан шығарылған
Атырауда бір үйдің екі баласы суға кетті. 9 жастағы қыз баланы сүңгуірлер әлі де іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 7 жастағы ер баланың денесі судан шығарылған.
Айта кетейік, бұл – өңірдегі соңғы бір айда болған алтыншы қайғылы оқиға. Биыл Атырауда 20-дан аса адам суға кеткен. Төтеншеліктер ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.
– Биыл аймақта шомылу маусымы болмайды. Азаматтар ескертуді елеп жатқан жоқ. Есесіне өлім-жітім көбейіп кетті. Ал аталған жағдайға қатысты іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды. 1 техника, 3 қайық бар, – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Бақыт Асқарұлы7
Оқи отырыңыз: Атырауда бір отбасының екі баласы Жайыққа батып кетті