|
17.01.2019 | 18:46
9630

Алматыда әріптесін атып өлтірген полицейдің соты басталды

Алматыда әріптесін атып өлтірген полицейдің соты басталды

Қызмет кезінде әріптесі әрі күйеу баласына оқ атып, жазым қылған Азамат Берістемев қанды оқиға орын алған күні 1 айлық еңбек демалысынан шыққан. Оған қоса, бірнеше ай бойы инспектор-психологтың қадағалауында болған.

Аталған жайтқа қатысты кезекті сот отырысында  тұрмыстық жанжалдың соңы өліммен аяқталған оқиғаның қалай орын алғанын прокурор мен куәгерлер еске түсірді.

Белгілі болғандай, қайын аға мен күйеу бала Алматы қаласы әкімшілік полициясының көлікжайында кездесіп қалған. Қызметтік кезекшілікке шығып,  қолына қару тиген Азамат Берістемов Сәбит Бегланұлын бөлек шақырып, басының сол жақ тұсынан оқ атқан. Ал оқиға куәгерлері ешқандай да  айғай-шу естімегендерін айтты. Тек қарудың даусы шыққанда ғана өзге сақшылар көлікжай маңына жүгіріп жеткен.

«Азамат Бертемісовке Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы бойынша айып тағылды. Сот тергеуінің мәліметі бойынша, ол 2018 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 19:00-де жол патруль полициясының инспекторы ретінде қызметке түскен. Қолына қару тиіп, тиісті тапсырманы алған экипаж темір тұлпарды алу үшін көлікжай маңына келген. Тура осы жерде өзінің кезегін тапсырған күйеу баласын кездестірген», – деді Алматы қаласы прокуратурасының аға прокуроры Жандос ӘБДІБАЕВ.

Айта кетейік, сот процессінде сол күні қызметке түсіп, қанды оқиғаның куәгері болған жеті адам сұралды. Ажалға ұласқан араздық өткен жылдың қыркүйек айында орын алған еді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир