Абай және Әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмысы 60 пайыз аяқталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Абай даңғылында екі мердігер ұйым жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай және Әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмысы 60 пайыз аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда негізгі магистральдардағы жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіледі және оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. Қазіргі таңда Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағындағы Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі, Достықтан Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі аумақта полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды. Сейфуллин даңғылына бұрылыстарды жөндеуге дайындық жұмыстары қолға алынды. Даңғылдың оңтүстік жағында алдын ала бақылау жұмыстары аяқталды, шілде айының соңына дейін тұрақты жол таңбалары сызыла бастайды.

Абай даңғылында екі мердігер ұйым жұмыс істейді. Оңтүстік жағында жөндеу жұмысы аяқталып, Тілендиев көшесінен Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі қозғалыс ашылды. Солтүстік жағында Достық даңғылынан Есентай өзеніндегі көпірге дейін полимерлі асфальтбетон жабыны төселген.

Бұған қоса, Мөңке би көшесі мен ҮАК аралығындағы Сайын көшесінде ұзындығы 2,8 км-ге дейін орташа жөндеу аяқталуға жақын.

Жолға полимерлі асфальтбетон төсеу жұмысы біткесін орташа жөндеу аясында осы көшелердің тротуарын жөндеу жұмыстары қарастырылғанын атап өткен жөн.

Әрі қалада аудандық маңызы бар көшелер жөнделіп жатыр, келісімге сәйкес, қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазір Вахтангов көшесінде Жандосовтан Лебедевке дейін, Тұрғыт Озал көшесінде Сәтбаевтан Тілендиевке дейін, Ақсай-1 ш/а-дағғы Момышұлы көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі жол, Алғабас, Теректі және Рахат шағын аудандардағы бірқатар көшеде асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда магистральдық көшелердің жол төсемі жаңа технологияларды қолдану арқылы жөнделіп жатыр. Асфальтбетон құрамында полимер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70 °C), сондықтан ыстыққа оңай төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында қолға алынған. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз.

Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, tелеграм арнасында және 2ГИС қосымшасында көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Тұрғындар өтініші: Алматының Жетісу ауданында 12 көше жөнделді

 

Новости партнеров